ЕСЕНТАЙ ЕРБОТИННІҢ ТУҒАНЫНА 75 ЖЫЛ

«ӘДЕБИЕТТЕГІ ЕРЕКШЕ ТҰЛҒА»

Мультимедиялық әдістемелік құрал


Құрастырушылардан

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың кітапханаларды дамыту және әдістемелік жұмыс бөлімі «Қазақстан жазушылары - балаларға» сериясы аясында қазақтың көрнекті балалар ақыны, жерлесіміз Есентай Ерботинға арналған «Әдебиеттегі ерекше тұлға» атты мультимедиялық – әдістемелік құрал шығарып отыр. Мультимедиялық – әдістемелік құралдың мақсаты – Есентай Ерботиннің өмірі, шығармалары жайындағы материалдарды оқып зерттеуде және насихаттауда оқушы жұртшылық пен кітапхана қызметкерлеріне көмектесу.

Мультимедиялық - әдістемелік құралға ақынның өмірбаяны, «Балдырғанның тілін ұққан» виртуалды кітап көрме, «Балалар әдебиетінің өкілі» әдеби – поэзия кеші, «Менің сүйікті кітабым» библиографиялық дайжест, әдебиеттер тізімі енгізілді.

Құрал кітапхана қызметкерлеріне, барша оқырмандарға арналған.


Құрастырушылар: Қажыбаева Ж.К., Қабышева А.Б.

Дизайн және өндеу: Гуринов С.А.

Шығаруға жауапты: Байжанова Б.Б.