Елі ардақтаған ақын

Мультимедиялық әдістемелік құрал




ҰСТАЗ АҚЫН, ЖУРНАЛИСТ, ЕЛ АЗАМАТЫ

Виртуалды көрме

1 бөлім: Балаларға жыр – шашу


2 бөлім: Ел тірлігін асқақтата танытқан


3 бөлім: Дана сөзбен, бала сөзбен жыр төккен



1 бөлім: Балаларға жыр – шашу


Дәйексөз:

Балалар ақыны – бахтияр қаламгер. Мыңдаған, он мыңдаған, бәлкім жүз мыңдаған кішкентай оқырманның ілтипат-ықыласына татыған тамаша жырдың иесі болу - әрине – бақыт. Мүбәрак сондай бақытқа ерте кенелген егде таланттардың елеулілерінің бірі.

Мұзафар Әлімбаев



Мүбәрак Жаманбалинов – баланы байлық тұтқан, оның қуанышын бақыт көрген балажан ақын.

Құлбек Ергөбеков


Жаманбалинов Мүбәрак. Балғын гүлдей балақан: өлеңдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, ертегілер, мысалдар, дастандар. – Алматы: Жазушы, 1974. – 148 б.

 

 

Жаманбалинов М. Толқын: өлеңдер. – Алматы, Жалын, 1979. – 95 б.

 

 

Жаманбалинов Мүбәрак. Ашық күн: Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар. – Алматы: Жалын, 1984. - 239 б.

Жинаққа өлеңдері, ертегілері, жұмбақтары енгізілді.

 

 

Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы. – Алматы: Балауса, 1986. – Т. 13. М. Жаманбалинов, Ә. Дүйсенбиев: Өлеңдер, ертегілер. – 1992. – 432 б.

Қазақ балалар әдебиеті кітапханасының бұл томына белгілі ақындар Мүбәрак Жаманбалинов пен Әнуарбек Дүйсенбиевтің (1931 —1979) таңдаулы шығармалары (өлеңдері, тақпақтары, ертегілері, жұмбақтары, жаңылтпаштары) енген.

 

 

Мүбәрак Жаманбалинов. Ақшам, Павлодар, НПФ "ЭКО", 1999.- 204б.

Бұл жинақта белгілі ақынның соңғы жылдары жазған таңдаулы туындылары - өтпелі кезеңге деген көңіл-күйін білдіретін жырлары, әнге лайықталған нақыл-термелері, әзіл-сықақтары, арнау өлеңдері мен аңыз-дастандары енгізілген.

 

 

Жаманбалинов Мүбәрак. Жауқазын. Тандамалы. - "ЭКО" ҒӨФ, Павлодар, 2001 ж., 208 б.

Қазақ балалар поэзиясының көрнекті өкілдерінің бірі, ақын Мүбәрак Жаманбалиновтың облыстық "Алтын тіл" бағдарламасына орай шығарылып отырған "Жауқазын" атты тандамалылар жинағына өлеңдер, поэмалар, ертегі-аңыздар, мысалдар, жаңылтпаштар, жұмбақтар енгізілді.

М. Жаманбалиновтьң "Жауқазын" кітабы мектеп оқушыларына сыныптан тыс сабақ жүргізуге, бала бақшалардағы балдырғаңдар үшін тіл ұстарту құралы ретінде пайдалануға әбден болады.

 

 

Жаманбалинов Мүбәрак. Алма ағашы: Өлеңдер, ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар / Құраст.: Б. Қошым – Ноғай. – Алматы: Раритет, 2011. – 288б. – «Алтын қор» сериясы

Жас ұрпақ тәрбиесі мен балалар әдебиетін ұштастыра қараған ұстаз ақын Мүбәрак Жаманбалинов (1924-2010) өз оқырмандарын қуаныш пен шаттыққа бөлей беретін мол әдеби мұра қалдырды. Оның һәм күлдіріп, һәм ойландыратын ойнақы өлеңдері, таңғажайып оқиғалы сырлы ертегілері, жұмбақтары мен жаңылтпаштары бүлдіршіндердің есінде ұзақ сақталатыны күмәнсіз. Бұл кітапқа ақынның кезінде оқырман қауымнан оң бағасын алған таңдаулы туындылары енді.

 

 

Жаманбалинов М. Көктем гүлдері: өлеңдер, ертегілер, мысалдар, дастандар, жұмбақтар, жаңылтпаштар. – Кереку – Баян Кітапханасы. - Павлодар: Эко, 2011. – 304б.

Бұл кітапқа қазақтың белгілі ақыны Мүбәрак Жаманбалиновтың балаларға арналған «Бақытты балалық», «Туған тіл - тұғырың», «Табиғат сабағы» өлең циклдері мен дастандары, жұмбақтар, жаңылтпаштар енгізілген.

 

 

Жаманбалинов М. Күж жалмауыз бен Білек батыр: Поэма // Қазақ балалар поэмасының антологиясы / Құрастырған: Қажыбаева Г.К.- Алматы: Арда, 2005. – 456 б.

Бұл антология - жаңа өсіп келе жатқан жас ұрпақтың тілін дамытуға, сөздік қорын байытуға игі ықпал ететін жинақ. Ұлттық әдебиетімізде балаларға арнап жазған қазақ ақын-жазушыларының жүз жылға жуық кезеңді қамтитын ірілі-ұсақ поэмалары іріктеліп алынған. Жинақ поэма жанрының табиғатына қарай "фольклорлық дәстүрдегі, реалистік, сатиралық, фантастикалық" деп төрт тарауға бөлінген.

Қазақ тілін терең меңгергісі, таным көкжиегін кеңейткісі келген мектеп жасындағы жас буынға арналады. Тұңғыш антология ретінде жоғары оқу орындарының студенттері мен мұғалімдері пайдалана алады.

 

Жаманбалинов М. «Торғайлар қуанышы», «Шофер», «Тырна», «Сурет», «Шопан», «Итмұрын тергенде», «Күн күркіреп, жар салды», «Аңғырт аю», «Терек», «Борсық», «Дәрігер Аю мен қорқау Қасқыр», «Керік пен Піл», «Бір байдың ақшасы мен шақшасы туралы»: Өлеңдер // Шынашақ: Қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясы / Құраст: М. Әлімбаев, Қ. Баянбаев. – Алматы: Балауса, 1992. – 544 б.

Қазақ әдебиеті тарихында екінші рет қана жарық көріп отырған бұл антологияның 1977 жылғы басылымнан бірегей өзгешелігі бар. Алғашқы кітап бүкіл ұлттық әдеби қорымыздағы жас ұрпақтың талғам-түсінігіне сай келер деген бұрыңғы-соңғы мұраларды кеңінен қамтуды мақсат етсе, бұл жолы, негізінен, қазіргі қазақ балалар поэзиясының жеткен деңгейі мен даму барысын көрсету көзделді. Сол себептен де кітапта осы жанр жолбасшыларының бірі Өтебай Тұрманжановтан бастап, жас толқын өкілі Өтепберген Ақыпбековке дейінгі балалар ақындарының шығармаларына мол орын берілді.

 



2 бөлім: Ел тірлігін асқақтата танытқан


Дәйексөз:


Журналист ісі сан сала,
Көркемсөз жырға тең кепті.
Жинаған шежіре қаншама,
Белгісі ерлік еңбектің.

Ғ. Жұматов



Жаманбалинов М. Ертіс ауданының тарихы. - 1995

 

 

Жаманбалинов М. Әйгілі аудан – Ертісім. – Павлодар: ЭКО, 1998. – 396 б.

Бұл кітапта Ертіс ауданының және оның негізі болған Қызылағаш болысының соңғы үш ғасыр бойғы тарихы қамтылған. Осы өңірдің белгілі абыздарының, би-шешендерінің, ақындарының тапқырлық, шешендік сөздері жинақталған. Ауданның байырғы тұрғындарының ата-тегі таратылған. Өзінің жері мен елінің тарихын, ататегінің шежіресін білгісі келетін жерлестеріміздің барлығы да бұл кітаптан мол мағлұмат алады. Оқырмандар үшін танымдық та, тәрбиелік те маңызы зор деректі әңгімелер де бар.

 

 

Жаманбалинов М. Әйгілі аудан – Ертісім. 2 - т; Техредактор А. Бәделхан. – Павлодар: ЭКО, 2003. – 256 б.

Бұл кітап - 1998 жылы жарық көрген "Әйгілі аудан Ертісімнің" жалғасы, екінші томы. Бірінші томда қамтылмай қалған ауылдар мен селолар, мекемелер мен кәсіпорындар тарихы және ауданның белгілі адамдары жайлы деректер осы кітаптың негізгі бөлігін құрайды. Сондай- ақ бұл томдағы өзге материалдар да алғашқы кітаптағы "Тыңға шабуыл", "Батыр-елдің еркесі", "Ақ жолында Алланың" т.б. тақырыптардың толықтырылуы болып табылады.

 

 

Жаманбалинов М. Жайнаған өңір, қайнаған өмір. – Павлодар: ЭКО. - 2004. – 226 б.

Бұл кітапта Железинка ауданының және оның негізі болған қазақ, орыс болыстарының, ауыл-селолардың тарихы, елеулі уақиғалар қамтылған. Осы өңірдің өткендегі және қазіргі белгілі азаматтарының ғүмырнамаларына орын берілген. Ауданның байырғы тұрғындарының ата-тегі таратылған. Өз ауданының тарихын білгісі келетін жерлестеріміз бұл кітаптан мол мағлұмат ала алады.

 

 

Жаманбалинов М. Аштық азабы. – Павлодар НПФ «ЭКО», 2004. – 204 б.

1931 – 1933 жылдардағы аштық апатында Ертіс ауданының негізі болған Қызылағаш болысының жиырма мыңға жуық қазағының жартысына таяуы қырғынға ұшырады. Ақын Мүбәрак Жаманбалиновтың бұл поэмасына сол жылдардың бір ащы шындығы арқау болған.

 

 

Жаманбалинов М, Бәделханов А. Түгел батыр және оның ұрпақтары. – Павлодар: «ЭКО» ҒОФ. – 2005. - 121 б.

Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақ Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мүбарак Жаманбалинов пен Қазақстан журналистер одағының мүшесі, өлкетанушы Айтжан Бәделхановтың бұл кітабы алғаш рет 1998 жылы халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылына және облыстың 60 жылдық мерейтойына орай жарық көрген болатын.

Кітапта Түгел батыр және оның әйгілі ұрпақтары туралы танымдық деректер мол. Түгелдің ұлы Байсерке абыз сөздері кең қамтылып, жақсы жинақталған. Түгел батырдан тараған ұрпақтарының шежіресі - зор ізденімпаздық еңбектің жемісі. Кітаптың тілі жатық, жеңіл оқылады.

 

 



3 бөлім: Дана сөзбен, бала сөзбен жыр төккен


Дәйексөз:


Өлең бәйгесіне елуінші жылдары Мүкендей талантты ақынмен қатар келгенімді мақтаныш көремін. Мүбәрак Жаманбалинов сол жылдардан бері бірыңғай балаларға жазып келеді. Жасыратыны жоқ, бүлдіршіндерге өңкей жақсы жыр сыйлап келе жатқан үздік ақынымыз. Мен әріптес ағамның жырдағы табысына әрдайым қызыға қараймын. Қуаныш көріп, табысын насихаттап, арнайы мақала да жазғанмын. 1950-1980 жылдар аралығындағы қазақ балалар поэзиясы әңгіме болған сәтте Мүбәрак Жаманбалинов есімі айрықша құрметпен аталуға тиісті. Ол – қазақ совет балалар әдебиетінің көрнекті өкілі.

Тұманбай Молдағалиев



Алақанұлы А. Тарлан ақынның тағылымды туындысы // Сарыарқа самалы. – 2003. – 25 қараша. – 5б.


Бақраденова А.Б. Мүбәрак Жаманбалинов. (Өмірі, шығармашылығы және тілдік ерекшеліктері) Монография. – Павлодар: ҒӨФ «ЭКО»,  2009. – 188 б.


«Балалар бағының бағбандары». Анықтамалық. – Алматы: Құраст.: Шәкен Күмісбайұлы «Балалар әдебиеті» баспасы, 2008. – 300 б.


Бөжен Б. Елі ардақтаған ақын // Сарыарқа самалы. – 2004. – 20 қараша. – 3б.


Дәуренбек М. Мәуелі бәйтерек //Ертіс дидары. – 2009. – 23 қараша. – 3б.


Дүкенбаева З. Ақын елінде // Сарыарқа самалы. – 2009. – 2 маусым. – 5б.


Дүкенбай Н. Қарттар болса, біртіндеп кетіп жатыр / Сөзі: М. Жаманбалиновтікі // Айдын. – 2004. - № 4. – (9 желтоқсан). – 29б.


Жұматов Ғ. Ел тірлігін асқақтата танытқан: [М. Жаманбалиновтың «Әйгілі аудан - Ертісім» атты кітабы жайлы] // Сарыарқа самалы. – 2003. – 15 қараша. – 8б.


Жұматов Ғ. Елдің өркенін танытқан // Сарыарқа самалы. – 2009. – 12 ақпан. – 20б.


Қажыбаева Г. Мүбәрак Жаманбалинов поэмасының тақырыптық – көркемдік ерекшелігі // Ұлт тағылымы. – 2004. - №3. – 166-169б.


Қазақ балаларының Корней Чуковскийі (Балалар ақыны Мүбәрак Жаманбалинов шығармашылығы хақында)//  Ұлағат. – 1999. - №1. – 36 – 44б.


Қайдарова Г. «Туады адам ақын боп халық үшін» (ақын, журналист, Мүбәрак Жаманбалиновтың 85 жылдығына орай) // Сарыарқа самалы. – 2009. – 5 қараша. – 6б.


ҚапанұлыМ. Ақын мерейтойы аталып өтті //Сарыарқа самалы. – 2009. – 10 қараша. – 2б.


Мәненұлы С. Қайран Мүкең... // Ертіс нұры. – 2011. – 5 қараша. – 3б.


Молдайып С. Айтыс айшықты өтті // Сарыарқа самалы. – 2004. – 20 қараша. – 3б.


Мүбәрак Жаманбалинов: «Азаматтық парыз жас талғамайды»/ Әңг.: Ғ. Жұматов // Сарыарқа самалы. – 2007. – 7 маусым. – 4 - 5б.


Мүбәрак Жаманбалинов: [еске алу] // Қазақ әдебиеті. – 2010. – 29 қаңтар. – 4 ақпан (№ 4). – 12б.


Мүбәрак Жаманбалинов: «Өмірдегі өзгеріс пен жетістік ізденіспен келеді» / әңг.: М. Аяғанов // Сарыарқа самалы. – 2009. – 26 қараша. – 4 – 5б.


Сексенінде жыр жалынан нық ұстаған (Ақын, жазушы, Қазақ КСР-не еңбек сіңірген мәдениет қайраткері М. Жаманбалинов – 80 жаста) // Сарыарқа самалы. – 2004. – 16 қараша. – 5 б.


Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиографиялық анықтамалық. Құраст.: С. Ахметов, Д. Еркішев. – Алматы: Жазушы, 1987