Академик Әлкей Марғұланның туғанына – 110 жыл

ҰЛЫ ҒҰЛАМА МАРҒҰЛАН

Мультимедиялық әдістемелік құрал


Құрастырушылардан

Көрнекті ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ғалым-археолог, этнограф, шығыстанушы, тарихшы, филолог, қоғам қайраткері - Әлкей Хақанұлы Марғұланның туғанына 2014 жылғы 11 мамырда 110 жыл толды.

С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхана «Ұлы ғұлама Марғұлан» атты мультимедиялық - әдістемелік құралын дайындады.

Мультимедиялық - әдістемелік құралда ғалымның өмірбаяны, еңбектері жайлы материалдар, виртуалды көрме, сценарийлер (С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың қызметкерлері құрастырған және республикалық ғылыми әдістемелік журналға шыққан /«История Казахстана: преподавание в школе. – 2012. - № 3. – С. 21 - 24»/ сценарийлер енгізілді), фотолар, өлеңдер, әдебиеттер тізімі берілген. Материалдар қазақ және орыс тілдерінде.

Құрал кітапхана қызметкерлері мен мәдени – ағарту мекемелеріне, ғалымның өмірі және еңбектерімен танысқысы келетін барша оқырмандарға арналған.


Құрастырушылар: Қажыбаева Ж.К., Мұсабекова Г.Т., Рахымжанова Д.С.

Дизайн және өндеу: С.А. Гуринов

Шығаруға жауапты: Байжанова Б.Б.