С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың Ақпараттық және библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі, қазақ ғылымында, тарихында айтарлықтай із қалдырған бір туар дара тұлға, Баянауыл тумасы, ғалым-археолог, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Ә.Х.Марғұланның 115 жылдығына арналған (1904-1985), «Ұлттық ғылымының алыбы» атты екі тілде жасалған мультимедиялық құралын ұсынады.
Сондай-ақ оқырмандар үшін, Ә. Марғұланның 110 жылдығына арналаған «Ұлы ғұлама Марғұлан» мультимедиялық құралын (sandiksha.pavlodarlibrary.kz/margulan) және «Павлодар облысының ғалымдары» атты цифрлық энциклопедиясын ұсынамыз (galym.pavlodarlibrary.kz).
***
Сонымен қатар, керекті ақпаратты іздестіруде облыстық кітапхана қоры – баспа және электронды ресурстарды, цифрлық кітапхананы пайдалануға болады. Тарихи оқиғалар мен жеке тұлғалар туралы мәліметтерді анықтап, іздеcтіруде «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы», «Қазақ өнері» энциклопедиясы», «Қазақстан жазушылары: анықтамалық», «Қазақстан жазушылары: ХХ ғасыр». Анықтамалық», «Ертістің Павлодар өңірі. Энциклопедия», облыстық мерзімді басылымдар: «Сарыарқа самалы», «Ертіс дидары» және т.б. басылымдар пайдаланылды.
Бұл мультимедиялық – библиографиялық құрал мәдениет, ағарту, ғылыми, тарихи қызмет саласындағы мамандарға, мұғалімдерге, студенттерге, ғылыми, бұқаралық-ақпарат қызметкерлеріне және өлкетану әдебиеттермен танысқысы келетін барша оқырман қауымға арналған.
Құрастырушылар: С. Жангазинова., А. Кочеткова.
Дизайн және өндеу: П. Ельников
Шығаруға жауапты: М. Исакаева