Ә. Марғұланның мақалалары мерзімді басылымдарда
Ә. Марғұланның өмірі кітаптарда
Ә. Марғұланның өмірі мерзімді басылымдарда
1. Марғұлан Ә. Қазақстан Архитектурасы. – Алма-Ата, 1959. – 172 б.
Көп суреттермен тұнжыраған, ұсынып отырған аталмыш кітап дербес үш мақаладан тұрады. Қазақстанның ерте дәуірдегі құрылыс мәдениетіне арналған алғашқы мақаланы жазған Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі Ә.Х.Марғұлан болып табылады.
2. Әлкей Марғұлан. 26 кітап. – Павлодар, 2003. – 233 б.
Бұл кітапқа Әлкей Марғұланның қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» жыры, эпос туралы , сонымен қатар Қорқыт дәстүрі жайлы еңбектері қамтылған.
3. Әлкей Марғұлан. Ежелгі жыр, аңыздар: Ғылыми-зерттеу мақалалар. / Құраст. Р.Бердібаев. – Алматы, 1985. – 368 б.
Қазақтың аса көрнекті ғалымы, Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, тарих, этнография, археология, филология, өнертану ғылымдарына айрықша еңбек сіңірген Әлкей Хақанұлы Марғұланның «Ежелгі жыр, аңыздар» кітабы сонау ғасырлар қойнауына жасаған тағы бір ғылыми-саяхатының жемісі болып табылады.
1. Алдабергенов Қ. Ақылдың кен – мәйегі: [ Академик Әлкей Марғұлан жайлы] // Бір туар дара тұлғалар.- Павлодар, 2003. - 67 - 71 б.
Бұл кітапта Баянауыл өңірінен шығып, соңына өлмейтұғын сөз қалдырған - Бұқар жырау Қалқаманұлы, Көтеш, Жанақ ақындар, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, С.Торайғыров, Ж.Аймауытов, Қ.Тайшықов, Қ.Кемеңгеров сияқты көптеген ақын-жазушылардың өмір-жолдары мен творчестволық шеберліктері және туған халқының нұрлы болашағы үшін білектің күшімен қатар білімнің құдіреті арқылы да күресе білген Қалқаман, Сәти, Олжабай, Жасыбай батырлар, Едіге, Айдабол, Шоң, Шорман билермен қатар Қ. Сәтбаев, Ә. Марғұлан, Ш. Шөкин, Е. Бекмаханов, Ж. Досқараев сынды ғалымдардың жарқын бейнелері көрсетіліп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысқан дәстүр жалғастығы сөз болады.

2. Жақсыбаев А. Балалық пен даралық: Әңгімелер: [Ә.Марғұлан жайлы] - Алматы, 2006. - 80 б.
Жазушы Ахат Жақсыбаевтың балаларға арналған бұл кітабының бірінші бөлімінде ұлтымыздың ұлы тұлғасы — академик Әлкей Марғұланның балалық шағын сыр шертетін хикаяттар ұсынылған.
3. Жақсыбаев A. Жаны жайсаң жақсылар. Естеліктер, сапарлар, ой-толғамдар. - Алматы, 2006. - 272 б.
Бұл кітапқа жазушының С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Қ.Қайсенов, Ә.Әлімжанов, Б.Тілегенов, О.Бөкеев, сондай-ақ академик Ә.Марғұлан, халық суретшісі Ә.Қастеев туралы естеліктері енгізіліп отыр. Жазушының бүгінгі әдебиет, тәуелсіздік туралы ой-толғамдары да осы кітаптан орын алды. Кітаптың жазылу стилі жатық, тартымды.
4. Қозыбаев Манаш. Дала перзенті: (Ұлттың ұйтқысы - арыстары қазақтың) // Шығармалары. 6 т. - Алматы, 2013. - 3 т. - 166 - 174 б.
Автодың шығармаларының бұл томына «Тарих зердесі» атты екінші кітабы еніп отыр. Ал аталмыш шығарманың ішінде «Дала перзенті» атты мақалала өзгеше жанның бірі, заман перзенті – Ә. Хақанұлы Марғұланға арналған.

5. Манапова Ә. Әлкей Хақанұлы Марғұлан – археолог: автореф. дис. ... тарих ғылым.канд.: / Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология ин-ты. – Алматы, 2010. – 25 б.
Аталмыш диссертациялық жұмыста жалпы Ә. Марғұланның өмір жолы мен ғалым ретінде қалыптасуы, археология мен этнография саласындағы ұйымдасттырушылық еңбегі, Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының жұмысы сипатталады.
6. Мұсатайұлы А. Тағылым: (археолог Әлкей Марғұланмен кездесуден естеліктер). — Алматы, 2007. — 128 б.
Бұл кітаптың авторы қазақтың археолог ғалымы Ә.Марғұланмен бірге қазақ экспедициясына қатысып терең еңбек еткен ізденімпаз суретші. Кітапта Әлкей Марғұланмен бірге жүрген кезіндегі естеліктері айтылады. Бұл кітап қазақ археологаясының алғашқы қалыптасуына зор үлес қосқан азаматтарымыздың қажырлы еңбегіне тағзым ету болып табылады.
7. Мұхамедханов Қ. Сегіз қырлы ғалым: [ Академик Әлкей Марғұлан жайлы] // Көп томдық шығармалар жинағы. – Т 5 . - Мақалалар, зерттеулер. – Алматы, 2007. – 344 б.
Автордың шығармалар жинағының бесінші томында “Сегіз қырлы ғалым” атты тақырыппен Бүкілодақтық география қоғамының толық мүшесі, 1946 жылдан филология ғалымдарының докторы, Қазак ССР Ғылым академиясының корреспондент — мүшесі, 1958 жылдан Қазақ ССР Ғылым академиясының академигі, Қазақ ССР-інің ғылымға еңбек сіңірген қайраткері, профессор - Әлкей Хақанұлы Марғұланның балалық шағынан өсіп-жетілу, қоғамдық қайраткерлікке дейінгі жүріп өткен жолдары туралы баяндалған.

8. Ғұлама: Тұлға. Тағдыр. Тағылым (Әлкей Марғұлан туралы естелік мақалалар, деректі әңгімелер, очерктер, өлең-арнаулар) // С. Торайғыров атындағы ПМУ. – Павлодар, 2004. – 254 б.
Бұл кітапқа Сарыарқаның сары даласында туып, қазақтың рухани күшінің қайнар көзін еліміздің түкпір-түкпірінен инемен құдық қазғандай іздеп, мәдени мұрағаттардың сырын ашып, оның нәтижесін халықтың ортақ игілігіне айналдырып, халқына паш еткен қазақтың ғұлама ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұланның тұлғалық табиғаты, тағдыры, тағлым боларлық мұралары жайлы көз көрген әріптестерінің, замандастарының, ақын - жазушылардың, ғалымдардың естеліктері жинақталып отыр.
9. Хамитова М. Академик Ә.Х.Марғұланның ғылыми мұрасының Қазақстан музей ісіндегі маңызы: автореф. дис. ... тарих ғылым. канд. : / Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология ин-ты. – Алматы, 2010. – 25 б.
Бұл диссертациялық авторефератта акдемик Ә. Марғұланның археологиялық, жазба, тарихи-этнографиялық, мұрағаттық, музей қорларынан жинаған деректерін шендестіре отырып жазылған құнды еңбектерінің – бүгінгі тарихи-мәдени мұра мәселелерін толық зерттеп, зерделеуге қосқан үлесі жайлы жазылған.