Сайын Мұратбеков - 80 жыл

ӨМІР ЖЫРЫН ШЕРТЕ БІЛГЕН

Мультимедиялық әдістемелік құрал


Виртуалды кітап көрмесі

Мұратбеков С. Екі томдық таңдамалы шығармалар. - Алматы:Жазушы, 1991. Т.1: Повестер, әңгімелер. – 464 бет.
Қазақ прозасының хас шеберлерінің бірі Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» атты шығармасы – кезінде қолдан қолға тимей оқылатын дүние еді... Міне, араға жылдар салып сол шығармасы бүгінгі жаңа буын және баяғы сақа буын оқырмандарымен қайта жүздесіп отыр.

 

 

Мұратбеков С. Жабайы алма: Повесть. – Алматы: «Атамұра», 2002. – 400 бет.
Қазақтың белгілі жазушысы Сайын Мұратбековтың творчествосы оқырмандарға кеңінен мәлім. Детальға образды сөзге бай әңгімелері арқылы кезінде жазушы қысқа жанрдың шебері атанған. Екі томдық таңдамалысының бірінші томына Ұлы Отан соғысы жылдары мен одан кейінгі қиын уақыттағы қазақ ауылының тыныс-тіршілігі арқау болған туындылары енді.

 

 

Мұратбеков С. Екі томдық таңдамалы шығармалары. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2003. - Т.1. -Повестер. - 400 бет.
Қазақтың көрнекті қаламгері Сайын Мұратбековтың шығармашылығы оқырмандарға кеңінен мәлім. Детальға, юморға, образды сөзге бай әңгімелері арқылы кезінде жазушы қысқа жанрдың шебері атанған. Екі томдық шығармалар жинағының бірінші томына Ұлы отан соғысы жылдары мен одан кейінгі қиын кезендегі қазақ аулының тыныс-тіршілігі арқау болған туындылары енді.

 

 

Мұратбеков С. Шығармалар жинағы. 1 том. – Алматы «Өлке», 2005 ж. – 320 бет.
Жазушы Сайын Мұратбековтың бұл жинағына жиырмадан астам таңдамалы әңгімелері енген. Бұл әңгімелердің басты тақырыбы мен көтерген өзекті мәселесі – ауыл өмірі мен әлеуметтік жағдайдың өзара байланысын суреттеу арқылы кейіпкерлердің азаматтық табиғи болмысын, адамгершілік позициясын, рухани тазалығын, жан сұлулығын, нәзік құбылыстарын, сан қырлы қайшылықтарын, психологиялық этюдтермен өрнектеу.

 

 

Мұратбеков С. Басында Үшқараның... – Алматы: «Қазақстан» баспа үйі, 2010.
Атақты жазушы, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сайын Мұратбеков бозбала кезінен-ақ көркем шығармалар жаза бастаған. Оның әңгімелері қазақ әдебиетіндегі бөлек бір құбылыс. Оның әңгімелеріндегі лирика, кейіпкерлерінің психологиялық бет-бейнесі ерекше қызықтырады. Жинаққа жазушының әңгімелері мен екі хикаяты топтастырылды.

 

 

Мұратбеков С. Жабайы алма: Повесть / Сайын Мұратбеков. – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2010. – 400 б.
Қазақ әдебиетіне өткен ғасырдың 60-шы жылдары келген Сайын Мұратбеков шығармашылығы адам-қоғам-таным үштігін паш етуге күш салады. Адам баласының бұла шағы – балалықтың алтын елестерін оқырманның көз алдына әкеледі. Соғыстан кейінгі елдің басындағы хал-ахуалды суреттейтін «Жабайы алма» қалың оқырманға арналған.

 

 

Мұратбеков С. Жусан иісі. - Алматы: «Олжас кітапханасы» Баспа үйі, 2012. - 180 б.
Қазақ әңгімесінің қайталанбас шебері – Сайын Мұратбеков ұлттық өнердің тұнығынан қанып ішкен арда таланттың бірі ғана емес, бірегейі. Ол қазақ прозасындағы Бейімбет салған мектепті жаңа бір көркемдік биікке көтерген хас суреткер. Шығармаларында ауыл өмірі мен әлеуметтік жағдайдың өзара байланысын суреттеу арқылы қаламгер кейіпкерлердің азаматтық табиғи болмысын, рухани тазалығын, жан сұлулығын, сан қырлы қайшылықтарын шебер бейнелі өрнектейді. Осы мақсатта, ауыл адамдарының адалдығын, кіршіксіз ақкөңіл мінезін, мұны мен мұратын көркемдейді, күйкі тірлікті мінездейді.

 

 

Мұратбеков С. Шығармалар. (Құраст. Қ. Мұратбекова). - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2013. Т.1.: Әңгімелер. - 320 б.
Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сайын Мұратбековтың бес томдық шығармалар жинағының бірінші томына кезінде оқырмандарға кеңінен танымал болған лирикалық әңгімелері енгізілді.

 

 

Мұратбеков С. Шығармалары. (Құраст. Қ. Мұратбекова). - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2013. -Т.2.: Жабайы алма. – Повесть. - 328 б.
Қазақ әдебиетіне өткен ғасырдың 60-шы жылдары келген Сайын Мұратбеков шығармашылығы адам-қоғам-таным үштігін паш етуге күш салады. Адам баласының бұла шағы – балалықтың алтын елестерін оқырманның көз алдына әкеледі. Соғыстан кейінгі елдің басындағы хал-ахуалды суреттейтін «Жабайы алма» шығармасы жазушының толық шығармалар жинағының екінші томына енгізіліп отыр.

 

 

Мұратбеков С. Шығармалары. (Құраст. Қ.Мұратбекова). – Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2013. – Т.3.: Повестер, әңгімелер, очерк. – 320 б.
Көрнекті жазушы Сайын Мұратбековтың бес томдық шығармалар жинағының үшінші томына қаламгердің әр жылдары мерзімді басылым беттерінде жарық көріп, оқырмандардан өз бағасын алған повестері мен әңгімелері топтастырылды.

 

 

Мұратбеков С. Шығармалары. (Құраст. Қ. Мұратбекова). - Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2013. -Т.4.: Сұхбаттар, очерктер, аудармалар. - 320 б.
Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сйылықтың иегері Сайын Мұратбековтың бес томдық шығармалар жинағының төртінші томына қаламгердің әр жылдары мерзімді басылым тілшілеріне берген сұхбаттары, заман, қоғам, әдебиет мәселелері туралы очерктері мен көркем аудармалары енгізілді.

 

 

Мұратбеков С. Шығармалар. (Құраст. Қ. Мұратбекова). -Алматы: «Ан Арыс» баспасы, 2013. -Т.5.: Аудармалар. - 320 б.
Көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Сайын Мұратбековтың бес томдық шығармалар жинағының бесінші томына қаламгердің кезінде оқырмандар тарапынан жоғары баға алған көркем аудармалары енгізілді.