СҰЛТАН, ЭТНОГРАФ, АҒАРТУШЫ

Мұса Шормановтың 200-жылдығына

МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ҚҰРАЛ


Құрастырушылардан

Баянауыл – ежелгі тарих, қатал шайқастар мен ұлы жеңістер, аңызған айналған жауынгерлер мен батырлар өлкесі. Ұлы ғалымдар мен ақындар, жазушылар мен жыршылар, сұлтандар мен билердің қаны тамған жер.

Баянауыл - дарынды адамдарға бай, киелі өлке. Оны дәлелі, Қаныш Сәтпаев, Әлкей Марғұлан, Шапық Шокин, Ермұхан Бекмаханов және тағы басқа Қазақстаннан тыс жерлерге танымал тұлғалардың болуы.

Қазақ тарихында айтарлықтай із қалдырған бір туар дара тұлға, Баянауыл тумасы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, этнограф, фольклорист, ағартушы, Баянауыл округінің (1854-1868) аға сұлтаны Мұса Шормановтың 200 жылдығына С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана «СҰЛТАН, ЭТНОГРАФ, АҒАРТУШЫ» атты мультимедиялық библиографиялық құрал дайындады.

Библиографиялық құралдың мақсаты: оқырман қауымды Мұса Шормановтың қазақ мемлекеттігі қалыптасу кезеңіндегі ролі мен жалпы қоғамдық өмірімен таныстыру.

Құрал – кітапханашыларға, оқытушыларға, студенттерге, жалпы қазақ тарихына, өлке тарихына қызығушылық білдіретін барша оқырман қауымға арналған.


Құрастырушылар: А.А.Кочеткова., С.С.Жангазинова., А.Каргасекова

Дизайн және өндеу: С.А.Гуринов

Шығаруға жауапты: М.Ж.Исакаева